Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров Абай ауданындағы Ақжар елді мекеніне «Мейірман» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысу үшін арнайы барды.
Кездесу аясында мешіттің бас имамы Дәурен қажы Тасқараев атқарылған жұмыстары туралы қысқаша баяндады. Аталмыш мешіт ауласына тал-теректер мен гүл көшеттері отырғызылып абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Бұған қоса, демеушілердің көмегімен мешіттің дәретханасы жаңадан салынып, пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, наиб имам Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтың берген тапсырмаларын жеткізді. Оның ішінде індет кезінде санитарлық талаптарды сақтау, жат ағым мүшелерімен жеке және жалпы кездесулер мен уағыз-насихат жұмыстарын күшейтуді және ұдайы мешіттердің тазылығына назар аудару т.б.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
iman.kz
01.07.2020
3575
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру