Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Қаратөбеде халал асхана салынады

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 29.06.2020 197 0 пікір
БҚО: Қаратөбеде халал асхана салынады

Алланың қалауымен Қаратөбе аудандық мешітінің бастамасымен, аудан тұрғындарының қолдауымен мешіт жанынан 300 адамға арналған жаңа халал асхананың құрылысы басталды.

Қазіргі уақытта асханаға керекті құрылыс материалдары толықтай дайын. Алдымен құрбан шалынып, мешіттің бас имамы Әділжан Бекқазиев құран оқып, дұға жасады.

«Дін жанашырлары мен қаржылай көмек қолын созған жомарт жандарға Алла разы болып, сауаптан жазсын!» деп аудан ақсақалдары ақ баталарын берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі