Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: "Иманғали" мешітінде мұқтаж отбасыларға ет үлестірілді

amin.kz 28.06.2020 190 0 пікір
Атырау: "Иманғали" мешітінде мұқтаж отбасыларға ет үлестірілді

Қайырымдылық шаралары Атыраудың орталық мешітінде апта сайын өткізіліп келеді. Бұл жолы мешітте тағы да 20 отбасыға ет берілді.

"Мешіттеріміз қазіргі күрделі жағдайға қарамастан, қайырымдылық шараларын тоқтатпауда. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, осылайша, әр өңірде "Қайырымдылық керуені" жобасы жалғасуда.

Бұл жолы мешітке арнайы садақа ретінде әкелінген мал етін мұқтаж отбасыларға таратып отырмыз. Олардың арасында әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы отбасылар бар. Алла ниетімізді сауаптан жазсын" дейді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі