Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Орал» медресе-колледжі шәкірттері емтихан тапсырды

БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі 26.06.2020 3137 0 пікір
«Орал» медресе-колледжі шәкірттері емтихан тапсырды

Биыл «Орал» медресесін 8 түлек тәмамдап жатыр. Түлектер үш жыл бойы ұстаздарынан алған білімін таразылап, емтихан тапсырды.

Олар Құран және фиқһ сабақтарынан қойылған сұрақтарға жазбаша және ауызша жауап берді. Емтихан комиссиясы құрамында ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің маманы Жаңабай Қожин, Ақтөбе медресе-колледжінің ұстазы Бауыржан Нұрғалиев, Орал медресесінің директоры Мұратбек Қыстаубаев, медресе ұстаздары Ринат Акимов, Асылбек Наурызов болды. Олар шәкірттердің берген жауабын мұқият тыңдап, тиісті баға берді.  Үш шәкірт өте жақсы нәтижеге қол жеткізіп, үздік диплом алады.

Түлектер аудан, ауыл мешіттеріндегі діни қызметке тартылады деп жоспарлануда. Ал екі шәкірт білімін одан әрі жетілдіру үшін «Нұр Мүбәрак» университетіне оқуға жолданды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру