Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас имам БАҚ қызметкерлерін төл мерекемен құттықтады

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 26.06.2020 2656 0 пікір
Бас имам БАҚ қызметкерлерін төл мерекемен құттықтады

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев «Һибатулла Тарази» мешітінің БАҚ қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады. Қуатты қаламмен көзіқарақты оқырманға  елде болып жатқан оқиғаларды мұқалмай жеткізетін сөз өнерінің иелері халыққа дұрыс, пайдалы әрі жылдам ақпарат беруде өз ісінің эксперттері. 

Сияның майын тамызып, бас алмай оқитын мақалалар мен бар дүниені 2-3 минутқа сыйғызып қойған тамаша бейнематериалдар дайындап, asyldin.kz сайтының тұғырын асқақтатып, республика бойынша көшбасшылар тізімінен бір-ақ шығарған тілші мамандарға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев ақшалай сыйақы тағайындап, мерекемен құттықтады. 

Облыстың діни көшбасшысы сайт қызметкерлерінің жұмыстарына жоғары баға беріп, шығармашылық табыс тіледі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру