Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Ауыл мешіті күрделі жөндеуден өтуде

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 25.06.2020 3050 0 пікір
Қызылорда: Ауыл мешіті күрделі жөндеуден өтуде
Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл толуына орай бекітілген жоспарға сәйкес, республика көлемінде шалғай аймақтарда орналасқан 30 мешітті күрделі жөндеуден өткізу бастамасы қолға алынған болатын.
 
Бүгінгі таңда аталмыш шара аясында ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша өкілдігіне қарасты Қармақшы ауданы Ақай ауылдық «Мүсірәлі сопы Әзіз» мешітіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
 
Ақай ауылына арнайы ат басын бұрған бас имам Болатбек Абуов жұмыс барысымен және мешіт ауласындағы 350 адамға арналған жаңа асхана, дәретхана құрылысымен танысып оң бағасын берді. Ашылғалы бері алғаш рет күрделі жөндеуден өтіп жатқан 200 адамдық құлшылық үйіне жылы еден төселіп, арнайы тапсырыспен жаңа кілемдер әкелінген.
 
Ақайдағы құрылыс жұмыстарымен танысқан соң, бас имам Болатбек Ұласқанұлы ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қоры, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Байқоңыр қалалық «Жәрімбет ата» мешітінде өткен «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысып, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік сөмкелерін үлестірді.
 
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру