Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Астана» медресесінің түлектері емтихан тапсырды

muftyat.kz 24.06.2020 1373 0 пікір
«Астана» медресесінің түлектері емтихан тапсырды

Бүгін елордада «Астана» медресесі түлектерінің қорытынды емтиханы өтті. Шәкірттер биылғы мемлекеттік емтиханды онлайн форматында ZOOM платформасы арқылы тапсырды.

Емтиханды ҚМДБ-ның арнайы тағайындаған білікті мамандары қабылдады. Комиссия төрағасы Діни білім және кадр дайындау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев және комиссия мүшелері Астана медресесінің директоры Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы және «Садуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы  Байменов Рахматулла Оразұлы Астана медресесінің арнайы пәндері ұстазы Ибраев Темірлан  қабылдады.

Емтихан алдында комиссия төрағасы  Серікбол Аршабаев ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бітіруші түлектерге сәлемін жеткізіп, алдағы қызметтеріне  сәттілік тіледі.

Бітіруші түлектер өздеріне қойылған сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап беріп, емтиханға жоғары деңгейде дайындалғандарын көрсете білді. Атап айтатын болсақ 13 түлек үздік, 9 түлек жақсы, 2 түлек қанағатанарлық бағаға тапысырып, комиссия  төрағасының және комиссия мүшелерінің алғысын алды. Емтихан медресе қабырғасында оқыған Құран, фиқһ, араб тілі пәндері және қосымша сұрақтар бойынша алынды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі