Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Ауыл тұрғынының отасына қаржы қосты

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 12.06.2020 2529 0 пікір
Түркістан: Ауыл тұрғынының отасына қаржы қосты

ҚМДБ жанынан құрылған «Зекет» қоры талай жұрттың игілігіне жарап тұр. Көпшіліктің көмегі көпке тиіп келеді.

Қордың ұйымдастыруымен Түркістан облысында бірнеше қайырымдылық акциялары өтті. Жәрдем сұраушылар да көбейіп кетті.

Солардың бірі – Арыс қаласы Қабылсай ауылында тұратын Марат Мәліков деген жігіт. Оның ата-анасы «Зекет» қорына онлайн өтініш қалдырған. Үйіне арнайы құрылған комиссия тексеріп барды. Өйткені жамағат аманаттарының шын мұқтаждарға бұйырғанын бақылайды. Нәтижесінде Мараттың отасына 150 мың теңге берілді. Оның 100 мың теңгесі Арыс, 50 мың теңгесі Шымкент қалалық зекет бөлімдерінен бөлінді.

«Онлайн өтініштерді тексере келе, он адамның сегізі лайықсыз болып шықты. Кейбіреулерінен құжаттары талап етілсе, үн-түнсіз жоқ боп кетеді. Садақа, зекет, қайырымдылықтың тек шын мұқтаждарға арналғанын еске саламыз. Демеушілердің баршасына ризашылығымызды білдіреміз» дейді «Зекет» қорының өкілдері.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру