Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"Әл-Машани" мешітінде сертификат табысталды

"Халал Даму" баспасөз қызметі 09.06.2020 2654 0 пікір
"Әл-Машани" мешітінде сертификат табысталды

Осыдан біршама уақыт бұрын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының талабы бойынша мешіт жанындағы асханаларды "Халал Даму" бөлімі арқылы сертификатпен қамтамасыз ету қолға алынған болатын.

"Халал Дамудың" облыстағы өкілі Ысқақ Абдрахманов имамның жүргізіп отырған жүйелі жұмыстарының нәтижесінде Қарағанды қалалық "әл-Машани" мешітінің асханасына сертификат табысталды. Жалпы мешіттер асханасында күмәнді тағамдардың қойылмауы бұған дейін де  бақылауда болатын. Әсіресе дәстүрлі ұлттық рәсімдерде ет тағамы кеңінен қолданылатын болғандықтан, ас беруішінің тарапынан сойылатын малдың еттері "бисмилләмен" және халал стандартына сай орындалуы қосымша қадағалауда болады.

Шын мәнінде, қазақ халқы адалдықты ерекше бағалаған. Адал ас, адал дос, адал еңбек, адал перзент секілді қастерлі ұғымдардың бәрі ұлтымыз үшін қасиетті құндылықтар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру