Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз: Кезекті онлайн жиналыс өтті

Жамбыл облыстық Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі 05.06.2020 405 0 пікір
Тараз: Кезекті онлайн жиналыс өтті

Жамбыл облыстық Һибатулла Тарази мешітінде облыс және аудан имамдарының қатысуымен онлайн жиын өтті.

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев ҚМДБ Төралқасында көтерілген мәселелерді өңірдегі дін мамандарына жеткізіп, нақты тапсырмалар берді. Мешіттердің бес уақыт намазға ашылуына байланысты сақтық шараларын қатаң сақтау керектігін жамағатқа насихаттауды шегелеп тапсырды.

Жиында халықтың сұранысы мен өтінішіне орай қажетті өңірде мешіт салу, мешіттерде санитарлық талаптарды сақтау, құлшылық үйлеріне кезекті дезинфекция жүргізу секілді мәселелер талқыланды. Мешіт салу кезінде мүфтият тарапынан бекітілген арнайы тәртіп ережесін сақтау мен құлшылық үйлерінің құжатын уақытында рәсімдеуге назар аударылды.

Онлайн жиында аудан имамдары өңірдегі діни ахуал мен намаздың жүргізілу барысын баяндады. Өйткені құлшылық үйлерінің ашылуы қуантарлық жағдай болғанымен, вирус жұқтыру мүмкіндігі әлі де азаймай тұр. Сондықтан мешітке бетперде киіп келу, санитарлық тазалық шараларын қатаң сақтау, қолды жиі жуу, мешітте 15 минуттан астам уақыт отырмау, 1 - 1,5 метр арақашықтықты сақтау қажет.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі