Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістандағы «Жұма» мешіті кеңейтілуде

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі muftyat.kz 03.06.2020 595 0 пікір
Түркістандағы «Жұма» мешіті кеңейтілуде

Түркістан қаласының аясы үлкейген сайын мешіттердің санын да көбейту қажет. Қазірдің өзінде кей мешіттерге жамағат сыймай жатыр. Осыған байланысты Бірлік шағын ауданындағы «Жұма» мешітінің аумағы 1000 шаршы метрге кеңейтілуде.

Көпшіліктің көмегімен қосымша ғимараттың қабырғасы қаланып, шатырының қаңқасы құрастырылып қойды. 58 терезе орнатылмақ. Қасбеті травентинмен қапталады.

Құрылыс материалдарына 14 млн 170 мың теңге жұмсалды. Жоба құны 20 млн. теңгені құрайды. Түркістан қаласының бас имамы Жүсіпбек Қасымбеков құрылыс барысымен танысты. Мешіт имамы Жаһангир Абдуалиев мешітті кеңейтуге жамағаттардың жәрдемдемінен, асхана, ДСАК дәрісханасы мен шеберхана, дәретхана салынып жатқанын айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі