Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент имамдары балаларға қуаныш сыйлады

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 01.06.2020 2905 0 пікір
Шымкент имамдары балаларға қуаныш сыйлады

Бүгін, 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай ҚМДБ-ның Шымкент қаласы орталық мешіті мен қалалық «Жастар» секторы «Балаларға базарлық» атты мерекелік шарасын ұйымдастырды.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Жастар» секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков, қалалық «Зекет» қорының өкілі Айбек Азимбаев, «Қажылық» бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікермұлы және Абай, Әл-Фараби, Қаратау және Еңбекші аудан бас имамдарын қатысып, үлес қосты.

Өздеріңізге белгілі, Сovid-2019 жұқпалы індетіне байланысты карантин талаптарына сәйкес Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов жас бүлдіршіндерді айтулы мерекесімен құттықтап, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін, ақ батасын жеткізді.

Айта кетсек, шара аясында 60 бүлдіршінге «Балаларға базарлық» қоржыны әрбірінің үйлеріне жеткізілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру