Ақтөбе қаласының «Нұр-сити» мөлтек ауданында 1200 адамға арналған мешіт құрылысы басталды.
Облыстың бас имамы Төлеби Оспан мешіт құрылысымен танысып қайтты. Бұл мешіт аталмыш мөлтек ауданның тұрғындары үшін таптырмас рухани ғимарат болмақ. Мешіт құрылысына 2 гектар жер бөлініп, ҚМДБ-ға балансына рәсімделген.
Мешіт аумағына садақа өткізуге арналған дәстүр үйі, балаларға арналған ойын алаңын салу да қарастырылған. Қазіргі таңда қарқынды құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
31.05.2020
5023
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру