Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Еріктілер мешітті тазалады

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 30.05.2020 2536 0 пікір
Шымкент: Еріктілер мешітті тазалады

Шымкент қалалық Жастар ісі секторы «Тазалық – иманнан» атты тазалық шарасын ұйымдастырды.

Тазалық шарасына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық Жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков және Шымкент қалалық Жастар басқармасы жанындағы еріктілер тобы орталық мешітте тазалық шарасын өткізді.

Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы барлық ерікті топ мүшесіне ризалық білдіріп, алғыс айтты.

Айта кету керек, игі бастама қаладағы барлық мешітте төтенше жағдай талаптарына сәйкес өткізіліп, тазалық шаралары жүргізіліп, мешіттердің іші-сырты дезинфекциялып, залалсыздандырылды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру