Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Ұлық айда 3902 отбасыға көмек берілді

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 29.05.2020 266 0 пікір
Талдықорған: Ұлық айда 3902 отбасыға көмек берілді

Қасиетті Рамазан айы Жетісу жұршылығы үшін қайырымдылық пен ізгілікке толы зор сауапқа кенелген ай болды.

Олай дейтініміз, сауабы еселенетін бұл айда «Жүрек жылуы», «Біз біргеміз», «Мақтааралдықтар біз сіздермен біргеміз», «Ауызашар сыйы», «Айттық дастархан», «Ел үлесі пәтерге», «Зекет берекеті» атты акциялар кеңінен ұйымдастырылып, жетісулықтар қиналғанға демеу, мұқтаждарға сүйеу бола білді.

Атап айтсақ: «Мақтааралдықтар біз сіздермен біргеміз» акциясы бойынша, Алматы облысы атынан Мақтааралға 300 ге жуық тонна көмек жеткізілсе, мешіт жанашырлары атынан 2 миллионға жуық қаржылай көмек берілді әрі өңірдің бас имамының нұсқауымен өзінің орынбасары арнайы ауданға барып, 10 күндей қара жұмыс жасап, Мақтааралдықтарға өз үлесін қосып қайтты.

Еліміздегі індетке қарамастан, имам-ұстаздар және мешіт жамағаттары бірлесе отырып, 2300 отбасының үйлеріне арнайы ауызашар сыйы ретінде күнделікті ыстық тамақтарымен тәттілерін жеткізіп отырды.

«Зекет берекеті» шарасы аясында өңірдегі жомарт жандардың арнайы бөлген мал садақаларынан мұқтаж жандарға 3 түйе, 6 жылқы, 35 сиыр, 92 қой және 3 066 000 теңгедей зекеттері таратылды.

Сонымен қатар 3 отбасы баспаналы болса, «Жүрек жылуы», «Біз біргеміз», «Айттық дастархан» шаралары аясында 3902 адамға азық-түліктей көмек көрсетіліп, жалпы саны бойынша 34 820 350 теңгені қамтыды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі