Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Онлайн білім сайысы қорытындыланды

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі 29.05.2020 2984 0 пікір
БҚО: Онлайн білім сайысы қорытындыланды

Қасиетті Рамазан айын және ұлық айы бойы өткен онлайн сабағын қорытылындау мақсатында БҚО Бөрлі аудандық мешіті мен «Парасат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, мешіт жамағаты және Ақсай қаласы тұрғындары арасында онлайн білім сайысы қорытындыланды.

Бас жүлдені Сәуле Сәндібекқызы жеңсе, бірінші орынды Мөлдір Бақтығалиқызы мен Бауыржан Жасталапұлы алды. Ал, екінші орынды Бекет, Хамзин Айбол, Анвар Өмірғалиев, үшінші орынды Мейрамбек Әбдірашев Маржан Айдарқызы, Асылзат Абатова, Данияр Амангелдіұлы өзара бөлісті. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталса, ең басты жеңістері – ұлық айдың берекелі сәттерін білімін толықтырумен өткізе алуы.

Сондай-ақ, Рамазан айында Бөрлі аудандық мешіті жанындағы «Берекелі жамағат» еріктілер тобы ауданға қарасты 13 ауылдық округте болып, 130 отбасыға қайырымдылық сөмкелерін таратты. Төтенше жағдай жарияламастан бұрын да мешіт жамағатынан құралған еріктілер тобы қайырымдылық шараларына бір кісідей жұмылып, атсалысып келеді.

Қасиетті Рамазан айы басталғалы еріктілер тобының есеп шотына 800 мың теңгеден астам қаражат түскен. Бүгінде дін жанашырлары «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық шарасын жүргізу арқылы аз қамтылған, көп балалы, ерекше қамқорлықты қажет ететін отбасыларға азық-түлік тарату жұмыстарын кеңінен атқарды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру