Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: 2,5 млн теңгеге қайырымдылық жасалды

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 28.05.2020 534 0 пікір
Қостанай: 2,5 млн теңгеге қайырымдылық жасалды

Қасиетті Рамазан айы кезінде және төтенше жағдай басталғаннан бері Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешіті 300-ге жуық отбасына қайырымдылық жасады.

Аталмыш мешіт тарапынан ұйымдастырылған «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы аясында мешіт жамағатынан құралған еріктілер тобы алғашқы 3 күнде 35 шаңыраққа жететін қаражат жинап, жалғызбасты аналар, көпбалалы отбасыларға, үйінде мүгедек кісісі бар және жалғызбасты зейнеткерлерге жеткізді.

Екінші рет өткізгенде де 35 отбасына қайырымдылық жасалды. Мұнда әр Рамазанда ауызашар беретін кісілер демеушілік жасады. Үшінші акция ерекше ұйымшылдықпен өтті. Бұл кезде 50-ге жуық ерікті қатысып, 70 отбасына қол ұшын берді. Сондай-ақ, 3-4-5-қайырымдылық акциясы кезінде 120 отбасына азық-түлік үлестірілді. Ал 7-рет өткізгенде өзге ұлт өкілдерінен құралған кәсіпкерлер белсенділік танытып, 35 отбасының қуанышына себепші болды

Жалпы жоғарыда ұйымдастырылған 7 акция аясында 2,5 млн теңгеге жуық қаражатқа 260 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілгенін атап өту керек. Осы шараларда демеушілік еткен азаматтарға Алла разы болсын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі