Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз: Бас имам аудан мешіттерін аралады

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі 28.05.2020 507 0 пікір
Тараз: Бас имам аудан мешіттерін аралады

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев Шу қаласы, Шу, Меркі, Т.Рысқұлов, Мойынқұм аудандарына іс-сапарда болды.

Өңірдегі діни хал-ахуалмен танысу, мешіт жағдайы, қызметкерлері, жамағаты жайлы толық мағұлматта болу, аудандардағы мәселелердің шешу жолдарын қарастыру, жалпы тыныс-тіршілігін бақылап қайту мақсатында бас имам ауыл мешіттерін де арнайы зиярат етті.

Бейбіт Әліпбекұлы сапар барысын аудан әкімдерімен танысудан бастады. Аудандық орталық мешіттерде болып, толық аралап, іс-құжаттарға көз жүгіртті. Ауданға қарасты ауыл имам-молдаларымен жүздесіп, отбасылық жағдайы, мешіт, тазалық, жұмыс өтілі жайлы сұрап, ашық сұхбат жасап, мешіт мәселелеріне байланысты алдағы уақытта бірге жұмыс жасайтынын жеткізді.

Бас имам ат басын тіреген 5 өлкеге де жат ағыммен күрес жөніндегі жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Кішкене түсініспеушілік болсын, республикалық деңгейге шығармай дер кезінде түйткілдің түйінін тарқату үшін қырағы болу керектігін айтты.

Жаңадан салынып жатқан мешіттердің құрылысына барып, осындай Алла үйін тұрғызу жоспарланған аудандарға бірқатар ұсыныстар жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі