Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тарбағатайда қайырымдылық мекемесі құрылысы басталды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 28.05.2020 2959 0 пікір
Тарбағатайда қайырымдылық мекемесі құрылысы басталды

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында қайырымдылық мекемесі құрылысы басталды. Бұл туралы Ақжар ауылындағы «Байжігіт баба» мешітінің Бас имамы Аманкелді Жарасов хабарлады.

«Өңірдегі дін маманы тапшылығын шешу мақсатында шағын қайырымдылық мекемесі құрылысын бастадық. Бұл іске ауыл халқы мен белсенді азаматтар атсалысып жатыр. Тарбағатай жері бұрыннан ата дініміздің алтын арқауы үзілмеген өлке болғандықтан асыл дініміздің қайырымдылық мекемесі болуы маңызды. Алла қаласа жұмыс жоспарланған уақытта аяқталады» деді Аманкелді Жарасов.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру