Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты мешіттер ел аумағында жарияланған төтенше жағдай уақытында әртүрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.
Мешіт имамдары әлеуметтік жағынан аз қамтылған 2 мыңға жуық отбасыны қолдау мақсатында азық-түліктер үлестіріп, кей отбасыларға қаржылай да көмек көрсетті.
Қиналған шақта Алла үйінен қолдау тапқан жандар дән риза болып, Бас мүфтиге және дін қызметінде жүрген имамдарға алғыстарын білдірді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы өңірі бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі
27.05.2020
3063
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру