Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау имамдары 300 балаға тосын сый жасады

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі 26.05.2020 3055 0 пікір
Маңғыстау имамдары 300 балаға тосын сый жасады

Ораза айт мерекесі қарсаңында Маңғыстау облысы орталық мешітінің жанынан құрылған «Ізгілер жолы» еріктілері және Қарақия, Түпқараған ауданы мешіт имамдарының ұйымдастыруымен балаларға тосын сый жасалды.

Карантин жағдайына қарамастан Рамазан айында маңғыстаулықтар да қайырымдылық шараларын бір сәтке де тоқтатпады. Ал теңіз жағасында ойнап жүрген балаларды ойламаған жерден қуантқан тосын сый жөнінде өңірдің бас имамы Әнуар Елжанов:

«Балаларға тосын сый жасаудағы мақсатымыз – бұл мерекенің исі мұсылман баласы үшін үлкен мереке екенін сезіндіру және бойларында Ораза айтқа деген сағыныш сезімін қалыптастыру еді. Алла қаласа алдағы құрбан айт мейрамында да балаларды қуанту жоспарда бар. Кішкентайларының жүзінен күлкі көрген ата-аналар да дән риза» дейді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру