Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: 500 келі ет үлестірілді

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 26.05.2020 2561 0 пікір
Қызылорда: 500 келі ет үлестірілді

ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Ораза айт мерекесінің құрметіне орай «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті 100 отбасыға, аудан мешіттері 100 отбасыға қайырымдылық көмек жасады.

Рамазан айының соңғы апталығында «Ауызашар қоржыны» акциясы аясында облыс бойынша 300 отбасыға азық-түлік салынған қоржындар және 7 отбасыға 68 келі ет үлестірді. Сонымен қатар Жалағаш аудандық «Иманқұл ата» мешітінің ұйытқы болуымен мүмкіндігі шектеулі жанға арналған арба сыйға берілді.

Айта кетейік, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен бастау алған «Жүрек жылуы» республикалық акциясы аясында Рамазан айының құрметіне өңірімізде ұйымдастырылған «Ауызашар қоржыны» қайырымдылық шарасында жалпы облыс бойынша әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 2100 отбасыға азық-түлік салынған «Рамазан қоржыны», 57 отбасыға 500 келі ет, 40 отбасыға 1 тонна күріш үлестіріліп, 1 мүмкіндігі шектеулі жанға арналған арба және де «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында жас отбасыға баспана тарту етілді. Сондай-ақ облыс әкімі Гүлшара Наушақызы да 200 отбасыға арналған қоржын таратып, игі шараға өз үлесін қосты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру