Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Кәсіпкерлер атбасарлық анаға баспана алып берді

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 26.05.2020 2569 0 пікір
Кәсіпкерлер атбасарлық анаға баспана алып берді

Ақмола облысында зекет берушілер қатары көбейіп келеді. Тіпті кей кәсіпкерлердің берген садақасы бір пәтер сатып алуға жетіп жатыр.

Мәселен, жақында көкшетаулық бизнесмен қарамағындағы қызметкерге үй алып берсе, кеше ғана Атбасар қаласында тағы бір мұқтаж отбасы кәсіпкердің көмегімен баспаналы болды.

Бес баланы жалғыз өсіріп отырған келіншек бұған дейін пәтер жалдап келген екен. Ал олардың да аңсаған арманына қол жеткізуге облыс орталығындағы кәсіпкерлердің бірі сеп болған. Осылайша «Зекет» қоры жанындағы «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық жобасы аясында  аймақта осымен 13-пәтер нағыз мұқтаж отбасыларға беріліп отыр. Игі іс одан әрі жалғаса бермек.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру