Көпшілікке қуаныш сыйлап, мәз-мейрам болып өтетін Ораза айт та келіп жетті. Осыған орай ҚМДБ-на қарасты «Зекет» қайырымдылық қоры 80 отбасыға айттық таратумен қатар зекет те үлестірді.
«Зекет» қорының «Қолдан қолға» жобасы аясында зекет арнайы тәтті кәмпиттер салынған қораптармен таратылды. Иісі мұсылман жандар үшін қасиетті айдың жемісі, ұлық мереке Ораза айтта үйлеріне жеткізілген тосын сыйға таң қалған мұқтаж жандар қуанышын жасыра алмады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына және «Зекет» қорына, атсалысқан барлық азаматтарға ризашылығын білдіріп, алғыс жаудырды.
Алла Тағала баршамызға Ораза айтта ғана емес, әрдайым адамдарға қуаныш сыйлап, олардың оң дұғасын алып отыруды нәсіп етсін!








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
"Зекет" қорының баспасөз қызметі
26.05.2020
2876
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру