ҚМДБ «Зекет» қорының Қызылорда облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ел үлесі – пәтерге» акциясының 212-баспанасы Қармақшы ауданының имамына бұйырды.
ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылдық «Әбу Ханифа» мешітінің имамы Е.Күдеровті облыстық мешітке арнайы шақырып, пәтер кілтін табыстады.
Айта кетейік, биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл толуына орай шалғай ауылдағы 30 дін қызметкерін баспанамен қамтамасыз ету шарасы бастау алған болатын. Аталған шараның мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, баспанасыз 30 дін қызметкерін үй-жаймен қамтамасыз етіп, қолдау білдіру.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
26.05.2020
4209
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру