Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РЕСЕЙДІҢ АЗИЯ БӨЛІГІ МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ ОРАЗА АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 25.05.2020 2645 0 пікір
РЕСЕЙДІҢ АЗИЯ БӨЛІГІ МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ ОРАЗА АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Ресейдің Азия бөлігі мұсылмандарының діни басқармасы Орталықтандырылған діни ұйымының Бас мүфтиі Нафиғұлла Аширов ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына Ораза айт мерекесімен құттықтау хатын жолдады.

«Сізді және еліңіздегі барша мұсылман бауырларымызды Ислам әлемінің Айт мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіз.

Рамазан айында ауыз бекітіп, өзінің Ислам дініне берік екенін дәлелдеуге тырысқан барша мұсылманға Қасиетті Ораза Айт мерекесі Алланың рахымы түскен мереке болсын деп тілеймін.

Алла Тағала осы қасиетті күндерді асыл дініміздің игі мақсаттарына жету жолында ислам бауырластығының нығаюы, бірлесуі мен келісімін нығайтуға себепші етуді жазсын» делінген аталмыш құттықтау хатында.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру