Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: Ораза айтта баспаналы болды

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі semey-meshet.kz 25.05.2020 3363 0 пікір
Семей: Ораза айтта баспаналы болды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысы, Семей өңірі, Аягөз ауданына қарасты, Ақшәулі ауылында «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша жалғызбасты, көп балалы ана Байғалиева Гүлден Тұяққызына ораза айт күні 222–ші пәтердің кілті табысталды.

Осынау ізгі шараға Аягөз ауданының бас имамы Думан Нәдірұлы, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары Кенжегүл Балтабекқызы және аудандық ерікті жастар бөлімінің мүшелері қатысты.

Көпбалалы ана Гүлден Тұяққызы қасиетті айт күнгі игі шарада қуаныштан көз жасына ерік беріп, жұртшылыққа жүрек жарды алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру