Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ел үлесі – пәтерге»: 210-шы баспананың кілті табысталды

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 25.05.2020 3381 0 пікір
«Ел үлесі – пәтерге»: 210-шы баспананың кілті табысталды

ҚМДБ-ның Алматы қаласы өкілдігі және «Зекет» қорының ұйымдастыруымен Алматы облысы, Талғар ауданы, «Жаңалық» ауылында тұратын жеті балалы батыр анаға «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында кезекті 210-шы пәтердің кілті табысталды.

Үйдің кілтін табыстауға Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Бауыржан Әлиұлы және «Зекет» қорының өкілдері мен дін мамандары қатысып, батыр ана мен бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады.

Бас имам жаңа баспана иелеріне бата жасап, көрімдігін берді. Ал Алматы Орталық мешітінің жанындағы «Ықылас-2050» қайырымдылық қоры азық-түлікпен көмек көрсетті.

Батыр анамыз көмек қолын созған және жобаны ұйымдастырған барлық қайырымды жандарға алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру