Көпшіліктің басын қосып, арқа-жарқа, мәз-мейрам қылып, татулық пен бірлікте болуға үндейтін берекелі мереке Рамазан айты да келіп жетті.
Осыған орай, Тараз қаласында 50 отбасыға көмек көрсетіліп, айттық таратылды. Атап айтар болсақ, 15 отбасыға қаржылай жәрдем берілсе, карантин жағдайына байланысты 35 отбасының үйіне азық-түлік жеткізілді.
Қаражатты мешіт имамы Жалғас Жұбатқан үлестірсе, барлық керек азық салынған пакеттерді ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев бастаған Һибатулла Тарази мешітінің қызметкерлері жеткізді.
Іс-шараға жалпы 500000 теңге қаржы жұмсалды. Мұндай көмек алған жалғызбасты, көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен жанұялар разылықтарын білдіріп, дұғаларын жасады.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі
asyldin.kz
25.05.2020
2844
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру