Қасиетті Ораза айт құрметіне Атырау облысының орталық «Иманғали» мешіті көпбалалы отбасыға баспана тапсырды.
Сегіз баланың анасына баспана кілтін Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы өз қолымен табыс етті.
– Халқымыздан жиналған қаражат негізінде сіздерге баспана бақыты бұйырып отыр. Мұқтаж бауырларымызды қолдау бағытындағы шараларымыз жалғасын табады. Бұл игі бастама мүфтияттың «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында жүзеге асырылып отыр, - дейді А.Ұтысханұлы.
Бақытгүл Тагарова – Жылыой ауданының тумасы. Сегіз баланы тәрбиелеп отырған ана ұзақ жылдардан бері баспана тауқыметін тартқанын айтады.
«Үйлі болатыныма соңына дейін сене алмап едім. Менің қуанышым барша мұқтажға бұйырсын» дейді ол.
Еске сала кетелік, «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Атырау орталық мешіті жанынан «Шаңырақ» қайырымдылық қоры құрылды. Аталмыш қордың басты міндеті – мұқтаж отбасыларды басыбайлы баспанамен қамтамасыз ету. Бүгінгі күні жақында ғана жұмысын бастаған қор арқылы бес баспана тапсырылып отыр. Оның ішінде, әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі, көп балалы отбасылар қамтылуда.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі
amin.kz
25.05.2020
3230
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру