Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ПРЕЗИДЕНТ ОРАЗА АЙТ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Ақорданың баспасөз қызметі akorda.kz 24.05.2020 1082 0 пікір
ПРЕЗИДЕНТ ОРАЗА АЙТ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады. 

 

Құрметті отандастар!

 

Сіздерді Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – ислам әлеміндегі айтулы әрі қастерлі мейрам.

Ораза айт рухани тұрғыдан жаңаруға және кемелденуге үндейтін қасиетті Рамазан айына жалғасып, жақсылыққа жетелейді.

Имандылықпен берік үндес адамгершілік пен бауырмалдық, қарапайымдылық пен кішіпейілділік – ұлттық тәлім-тәрбиенің бастауы. Оны бүгінгі ұрпақтың өмір салтына айналдыруымыз керек.

Мейрам күндері күллі мұсылман қауымы бір-біріне қамқорлық жасап, мұқтаж жандарға қолдау көрсетеді. Мұндай игі істер біздің ырыс-ынтымағымызды арттыра түседі.

Рамазан айында сабыр сақтап, төзімділік танытқанымыздың арқасында індетке байланысты қалыптасқан ахуал біршама тұрақтанды.

Халқымыздың парасаты мол, бірлігі бекем болса, бұл сынақтан да сүрінбей өтеміз деп сенемін.

Ораза айт құтты болсын!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін! - делінген Президент құттықтауында.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі