Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: 400 адамға ауызашар берілді

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 23.05.2020 2516 0 пікір
Түркістан: 400 адамға ауызашар берілді

Карантин жағдайына байланысты мешіттер жабық болса да, имамдардың қайырымдылыққа шақыртуына құлақ асқан қолы ашық жамағаттар жылуын аямады.

«Жүрек жылуы», «Рамазан керуені», «Ауызашар сыйы», «Тайқазан» және т.б акциялардан қалыспай, жақсылықта жарысқандары көп болды. Көпшілігі қайырымдылығын заттай таратты.

Келестік жамағаттар мақтааралдықтарға мәрттік танытып алғашқы көмегін жеткізіп, күн сайын 200-250 адамға ауызашар беріп келді. Рамазан айының соңында жергілікті жұртты да ұмыт қалдырмады.

Аудандық мешіт тарапынан 400 адамға ауызашар берілді. Жомарттық танытқан азаматтарға аудан имамы Айдарбек Садықов ризашылығын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру