Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көкшетау: Кәсіпкер өз қызметкеріне үй сыйлады

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 21.05.2020 2674 0 пікір
Көкшетау: Кәсіпкер өз қызметкеріне үй сыйлады

Ораза айы басталғалы қайырымдылық шаралар да көбейе түсті. Әркім осы тағылым айында ізгілік жасауға тырысады. Көкшетаулық кәсіпкер, «Алуа» құрылыс компаниясының бас директоры Ерлік Қайдарұлы жыл сайын зекетін үзбей беріп келеді. Облыс орталығындағы бір ғасырлық тарихы бар ескі мешіт жанына еңселі көк күмбезді Алла үйін де салып жатыр. Әр ізгі ісіне Алла разы болсын!

Рамазанның соңғы күндері ондаған жыл пәтер жалдап келе жатқан өз компаниясының үй сыпырушы қызметкеріне Науан хазірет мешітінің «Зекет» қоры өкілдігі арқылы жеке үй сатып әперді. Баспана «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында қолға алынып, жүзеге асырылды. Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит бұл республика бойынша 206-үй екенін тілге тиек ете келе, алда мұндай қайырымдылық істер жандана түсетінін атап көрсетті. «Ең бастысы қоғамымызда қалталы азаматтардың жанашырлық танытуға құлшынысы басым» деді ол.

Бір атап өтерлігі, жаңа қонысқа ие болған Айгүл Күлібекова осыған дейін мұндай сыйға кенелетінін білген жоқ. Ораза айының құрметіне тосын сый ретінде ұсынылды. Бүгінде жағдайы келген азаматтар өздерінің зекеттерін осылай үймен беріп жатқаны жақсылықтың нышаны дер едік. Ал мешіттердің осындай жағымды жаңалықтардың жаршысы болып жүргені қуантады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру