Баланың күлкісі бәрінен қымбат. Оларға жыл он екі ай қуаныш сыйласаң да артық етпейді. Бүлдіршін балаларымыз Қасиетті Рамазан айын ерекше көңіл-күймен тосатыны белгілі.
«Игі істің басына, жақсы келер қасына» демекші, халқына қуаныш сыйлап, жақсылық жасап жүрген, иманды азаматтар баршылық. Ұлық айдың Қадір түнінің құрметіне орай Сырым аудандық мешітінің бас имамы Әділхан Наурызбай балғын балаларға арнап тәттілер салынған қоржын дайындап, әр баланың үйіне арнайы барып, қасиетті Рамазан айымен құттықтап, тәттілер беріп, көңіліне қуаныш сыйлады.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» дегендей балаларымызға қуаныш сыйлауға асығайық, бауырларым!


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі
21.05.2020
2922
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру