Ақтау қалалық «Бекет ата» мешіті Алланың разылығы үшін аузын бекітіп, қасиетті айда ниет еткен 60 отбасыға ауызашар қоржындарын таратты. Мешітте ыстық тамақ пен бауырсақ пісіріліп, тәттілер мен сусындар сатып алынды. Ауызашар қалталары Ақтаудағы 20 шағынаудан тұрғындарына жеткізілді.
– «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» («Сәбә» сүресі, 39-аят) дегендей, рамазанда жасалған қайырымдылық пен ізгі істердің сауабы мол. Жыл сайын мешітімізде күн сайын ауызашар дастарханы жайылып, тарауық оқылатын. Әлемді дүрбелеңге салған індеттің кесірінен ораза айында жамағаттың мешіттегі жарқын жүздесулері болған жоқ. Бірақ, төтенше жағдай да ізгілік пен сауапты істерге кедергі бола алмайды, - дейді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бас имамы Қайрат Маманбаев.
Рамазан айында Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінде бірқатар қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік таратылып, мұқтаж жандарға көмек берілді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
21.05.2020
3109
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру