Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: Қадір түні қарсаңында баспаналы болды

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі semey-meshet.kz 21.05.2020 3334 0 пікір
Семей: Қадір түні қарсаңында баспаналы болды

Қадір түнінің қарсаңында Жарма ауданының имамдары және «Зекет» қорының Семей өңіріндегі өкілдігінің ұйымдастыруымен Жарма ауданында тұратын көп балалы анаға «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 200-ші пәтердің кілті табысталды.

Қуанышпен бөлісуге Семей қаласынан Семей өңірінің бас имамы Асқар Әбітайұлы және Қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы Айбек Нұғымаров қатысып, үйдің кілтін табыстады.

Жаңа баспанада Құран оқып, бата жасалды, Семей жамағаты атынан сол шаңыраққа сыйлықтар берілді. Қайырымды жандардың қолдауымен үйлі болған жалғысбасты ана көмек қолын созған және осы жобаны ұйымдастырған барша жандарға алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру