Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Облыс әкімі 200 отбасыға «Ауызашар қоржынын» тарту етті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 20.05.2020 4138 0 пікір
Қызылорда: Облыс әкімі 200 отбасыға «Ауызашар қоржынын» тарту етті

Қасиетті Қадір түні қарсаңында Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың 200 отбасыға арнаған «Ауызашар қоржыны» таратылды.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен бастау алған «Жүрек жылуы» акциясы аясында Рамазан айының құрметіне өңірімізде ұйымдастырылып жатқан «Ауызашар қоржыны» қайырымдылық шарасына аймақ басшысы да өз үлесін қосты.

ҚМДБ Сыр өңірінің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған қала мешіттерінің қызметкерлері мен ерікті жамағаттары облыс әкімінің тұрғындарға жолдаған ізгі лебізі мен мерекелік қоржынын жеткізді.

Айта кетейік, берекелі ай басталғалы бері аталған акция аясында жалпы облыс бойынша әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 1600 отбасыға азық-түлік салынған «Рамазан қоржыны», 50 отбасыға 432 келі ет, 40 отбасыға 1 тонна күріш үлестірілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру