Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз: Қадір түніндегі онлайн насихат

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 20.05.2020 3377 0 пікір
Тараз: Қадір түніндегі онлайн насихат

Бар мұсылман асыға күткен мың айдан қайырлы қасиетті қадір түні келіп, Жамбыл облысының тұрғындары, Қазақстанның әр түкпірінен қосылған көпшілік мешітпен онлайн байланыста бірге дұғада болды.

Карантин жағдайына байланысты мешіттерге көпшіліктің жиналуына уақытша тыйым салынған. Алайда жамағат мешітпен бірге болудан қол үзіп қалмады. Жылына бір рет келетін мың  айдан да қайырлы болған Қадір түнін құлшылықпен қарсы алу үшін еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін «Һибатулла Тарази» мешітінен байланысқа шыққан имамдармен youtube каналында тікелер эфирге қосулы болды. 

"Һибатулла Тарази" медресесінің директорының орынбасары Нұралы Бақытұлы арнайы бағдарламаның тізгінін ұстап, имамдар үздіксіз насихат айтып, Құран оқып, тіпті жамағаттың сауалдарына да жауап беріп отырды. 

Ұлтты ұйыстырған ұлық мерекеде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев сүбелі уағыз жүргізіп, халықты айтулы күнмен құттықтап, ел амандығы үшін дұға жасады. "Һибатулла Тарази" медресесінің директоры Қанат Жұмағұл да көркем насихат айтып, жүректерді жібітті. Құран түскен мүбарак түні үзіліс сайын құран оқылып, мешіттің найб имамдары кезекпен уағыз айтты.  

Тікелей эфирде шығармашылық байқау жарияланып, жеңімпаздарға 20 000 теңге сыйақы берілді. Сайыс шарты бойынша эфирде 4 сөз айтылады, сол сөзді қатыстырып, жылдам түрде берілген 2-4 минутта өлең жазып, комисия нөміріне жолдайды. Үздік шыққан туынды таңдап анылып, жеңімпаз жарияланады. Сондай-ақ эфирде сұраққа тез әрі дұрыс жауап берген адамға 10 000 теңге сыйақы берілді. Өлеңмен өрнек ойған суырып салма ақындардың өлеңдері сайтта жарияланады. 

Айтылған дода әлі еш жерде болмаған, тұңғыш рет тікелей эфирде пайғамбарымыздың ақындық жайлы сүннетін жаңғырту мақсатында өткізілді. Сайысты Бас имам Бейбіт Әліпбекұлы, Наркес Боханов, Асхат Акмамбетов жүргізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру