Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орал: Қадір түнінде 100 отбасыға қайырымдылық көмек берілді

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі 20.05.2020 2815 0 пікір
Орал: Қадір түнінде 100 отбасыға қайырымдылық көмек берілді

Қасиетті Рамазан айының Қадір түніне орай Түлбаев Мұхаммед-Ғариф атындағы Орал қалалық мешітінің ұйымдастыруымен 100 отбасыға азық-түлік қоржыны таратылды.

Төтенше жағдай жарияламастан бұрын да мешіттеріміздің осы бағыты өз жұмысын жүйелі жүргізіп келеді. Бүгінде дін жанашырлары «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық шарасын жүргізу арқылы демеуші азаматтардың көмегімен азық-түлік, қаржылай қолдау, бетперделерді тегін тарату жұмыстарын кеңінен атқарды.

Осы бағыт бойынша қазіргі таңда имамдар қарқынды жұмыс істеп келеді. Күніне 50 астам адамға тұрақты түрде ауызашарлар беріледі. Тегін 300 бетперде таратылды. Осы атқарылған шаруалардың барлығы имамдарымыздың қажырлы табандылығы мен қайырымды жандардың қолдауы арқылы іске асып отыр. Бүгінгі қайырымдылық көмек қала, аудан, ауылдардың отбасыларына жеткізіледі.

Осы бағыттар бойынша 100 отбасына азық-түлік қоржыны таратылып, сауапты істердің қатары артты. Бас имам Қажымұқан қажы Елтайұлы игі істерге атсалысқан жомарт азаматтарға Өз атынан алғысын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру