Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: 500 адамға «ауызашар қоржыны» таратылды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі muftyat.kz 20.05.2020 3652 0 пікір
Ақтөбе: 500 адамға «ауызашар қоржыны» таратылды

Кеше қасиетті Қадір түнінің қарсаңында ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша Халал бөлімі өкілінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында ҚМДБ «Халал» сертификатын алған мекемелердің атынан «Ауызашар қоржыны» үлестірілді.

Рамазан айындағы әр жақсылықтың сауабы еселенетінін жақсы түсінген «Тағам» асханалар желісі, «Бай дөнер» қоғамдық тамақтану орталығы, ИП «Жанна Саду» полуфабрикаты, «Бауырдақ» қазақ бургері, «Адал» кафесі, «My Bro» ет дүкені, ИП «Беркімбаева» полуфабрикаты және «ECOJOY» мармелад компаниясы атты халал мекемелердің басшылары Алла разылығы үшін 500 мұқтаж отбасы мен мешіт қызметкерлеріне қайырымдылық ауызашарын таратып, игі істе өзара жарысты.

«Ауызашар қоржыны» атты қайырымдылық акциясына атсалысып, қолдау білдірген барша азаматтарға Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру