ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Қадыр түні қайырымдылық берекеті» атты шара ұйымдастырды. Акция аясында Өскемен өңіріндегі мешіттер бір мезетте қайырымдылық жасады.
Бұл жолғы ауқымды қайырымдылық шарасына барлығы тұрмысы төмен және көпбалалы 1500 отбасы қамтылды.
«Бүгінгі таңда бұл сауапты іс кеңінен өріс алып, шараға өңірдің барлық қала, аудандық мешіттері ат салысуда. Өңірдің «Зекет қоры» аудандық және қала мешіттерімен бірлесіп, өңір бойынша тұрмысы төмен отбасылардың әлеуметтік тізімін алып, көмекке мұқтаж отбасылардың хал ахуалымен танысып, қайырымдылық шараларын ұйымдастырып жатырмыз. Қадыр түні мұқтаж отбасыларды қуантудың өзі зор сауап» деді ҚМДБ Өскемен аймағының «Зекет» қоры бойынша жауапты қызметкері Аманбол Қуатұлы.
Қайырымдылық шарасына қамтылған отбасылар өкілдікке алғыстарын білдірді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
qalam.kz
20.05.2020
3159
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру