Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МҮФТИЯТТЫҢ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕГІ ЖЕТКІЗІЛДІ (ФОТО)

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 19.05.2020 2569 0 пікір
МҮФТИЯТТЫҢ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНА  ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕГІ ЖЕТКІЗІЛДІ (ФОТО)

 

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ұйытқы болуымен Түркістан облысы, Төлеби ауданында су тасқынынан зардап шеккен ағайындарға гуманитарлық көмек жеткізілді.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов пен Еңбекші ауданының бас имамы Еркебұлан Қарақұловтар қатысты.

Игі шара барысында Бақдәулет қажы Нұрматұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы сәлемін жеткізіп, сабырға шақырды.

Өз кезегінде аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Жұмабай Әбдиев және аудандық «Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары  Қуанышбек Қансейтов мырзалар күтіп алып, шынайы алғыстарын жеткізді.  

Айта кету керек, төлебилік ағайындарға 15 тонна азық-түлік, киім-кешек және қажетті тұрмыстық заттар жеткізілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру