Қасиетті Қадір түні қарсаңында Көкшетауда жақсылықтың жарасым тапқан ізгілік шарасы болды. Науан хазірет мешіті мен «Зекет» қорының бірлесуімен «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында төрт бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты анаға Красный яр кентінен екі бөлмелі пәтердің кілті салтанатты жағдайда табыс етілді.
Облыстың бас имамы Қуаныш Сәбиттің айтуынша, аталған жоба бойынша елімізде 205-баспана, Ақмола облысында 11-пәтер мұқтаж отбасыларға табыс етіліп отыр. Бұл бастама осыдан бірер жыл бұрын осы Көкшетау қаласында бастау алып, мүфтияттың қайырымдылық жобасына айналған еді. Осы ораза айында тағы екі үй – Көкшетау және Атбасар қалаларында берілгелі отыр екен. Демек, тағы екі отбасы қоныс тойын тойлайды деген сөз.
Пәтер беру рәсіміне зиялы қауым және дін өкілдері қатысты. Қоғам қайраткері, жазушы Жабал Ерғалиев және Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев құттықтау сөздерінде адамзатқа келген індеттің қатері сейілмей тұрған кезде мешіттердің осындай қайырымдылық іске көбірек назар аударып отырғанына ризашылық білдірді. Осының арқасында қиындық көріп жүрген бір отбасы жайлы пәтерге ие болды.
Төрт баласын жетектеп, үйдің қиындығын басынан өткерген жалғызбасты ана Гүлнәр Қасымованың жанарында қуаныштың жасы тұрды. Осы жобаға үлес қосқан барлық қайырымды жандарға аналық алғысын жолдады.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
19.05.2020
3450
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру