Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Қадір түнін отбасымен бірге өткізген абзал

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 19.05.2020 2863 0 пікір
Қызылорда: Қадір түнін отбасымен бірге өткізген абзал

Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Абуов облыстық «Qyzylorda» телеарнасында тікелей эфирде Қадір түнінің қадір-қасиеті жайлы сұхбат берді.

Жергілікті телеарнаның «Жаңа күн» бағдарламасында өткен эфирде бас имам Болатбек Ұласқанұлы қасиетті түннің ерекшелігі мен берекетіне тоқталып, жасалуы құп саналған амал-құлшылықтар жайлы айтты.

Сонымен қатар еліміздегі карантин режиміне байланысты биылғы Рамазан айындағы өзгерістерді түсіндіріп, Қызылорда облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен aqmeshit.kz инстаграм парақшасында онлайн уағыз-насихаттар өтетінін хабарлады. Сөз соңында Болатбек Абуов жұқпалы індеттің таралуының алдын алу мақсатында аймақ жұртшылығын Қадір түнінде өз үйінде болып, отбасымен бірге өткізуге шақырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру