Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Халал Даму» мамандарының жиыны өтті

"Халал Даму" ЖШС баспасөз қызметі 19.05.2020 2891 0 пікір
«Халал Даму» мамандарының жиыны өтті

Елбасының «Жол картасы» бағдарламасы аясында бекітілген жобаларды  жүзеге асыру мақсатында Ұлттық аккредиттеу орталығы мен «Халал Даму» мамандарының кезекті жиыны өтті.

Жиынға Ұлттық аккредиттеу орталығының даму және жобаларды басқару департаментінің директоры Ержан Жарылғапұлы, мамандар Алмат Орынғалиұлы мен Айна Жарасқызы, «Халал Даму» директоры Айбек Аташев және технолог мамандар қатысты.

Екіжақты кездесу барысында «Халал Дамуды» БАӘ халал аккредиттеу бойынша жетекші ұйымы ESMA-дан аккредиттеуден өткізу мақсатында ҰАО-мен бірлесе атқарылып жатқан жұмыстар жобасы пысықталды.

Отандық ауылшаруашылық өнімдерін, соның ішінде ет өнімдерін Араб елдеріне экспорттау және ішкі нарықты халал ет өнімдерімен қамтамасыз ету, тауар алмасу барысында туындайтын салық және логистика мәселелерін жеңілдету, техникалық барьердің алдын алу шаралары қарастырылды.

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы ҰАО мамандарына ESMA-дан аккредиттеуден өту барысында мемлекет тарапынан қажетті қолдау мен көмек көрсетуді сұрады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру