Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз: Бас имам «Әжелер мектебімен» танысты

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 19.05.2020 3038 0 пікір
Тараз: Бас имам «Әжелер мектебімен» танысты

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев «Әжелер мектебі» клубының мүшелерімен танысты.

Осыдан біраз уақыт бұрын Жамбыл облысында нәзік жандылардан тұратын «Әжелер мектебі» мен «Арулар мектебі» құрылған болатын. Іргесі жаңадан қаланған тәрбие ошағының басты мақсаты – Құран оқып, хатым жасап, жастарға имани тәрбие үлгісін көрсетіп, салт-дәстүрімізді дәріптеп, қиын жағдайда үйде отырған, отбасылық мәселелері бар жандарға көмек көрсету, кеңес беру, рухани қолдау.

«Қазіргі буын «қарағым, айналайын» деген жылы сөздерге зәру. Әжелер осы сөздерді айта отырып, өмірден алған тәжірибелерін бөлісіп, жастарға татулықта, бірлікте болуды үйретіп, дінімізбен сабақтасқан дәстүрімізді насихаттап, жүректеріне жылулық енгізуді көздейді» деп атап өтті екі мектептің құрылуына мұрындық болған мешіт ұстазы, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Алдасаева.

Жиынға 15 әже қатысты. Бас имам игілік жаршысы болған апалармен танысып, алдағы жұмыстарды талқылап, пікірін тыңдады. Осы мектептің негізін қалаған, «Әжелер мектебінің» меңгерушісі Жәмила Жұмабаева құрамның алда атқарар қызметі көп, мақсаты айқын екенін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру