ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев облыстық «Ақжайық» және «ТДК-42» телеарналарына Қадір түні жайында сұхбат берді.
«Атам қазақ ықылым заманнан Қадір түнін ерекше құрметтеп, қадірлі қонағындай күте білген. Біз де сол иманды бабаларымыздың ізгі жолын жалғап, ақ пен қараны, жақсы мен жаманды айырушы Құран түскен Қадір түнін құлшылықпен, дұғамен, Құран оқумен өткізгеніміз абзал. Бұл түн «тағдыр түні» деп те аталады. Сондықтан Алладан алдағы өмірімізді Өзі разы болатындай етіп өткізуге жазсын» деп тіледі Мұратбек Мұхтарханұлы.
Сондай-ақ бас имам Қадір түнінің қасиеті, мың айдан қайырлы түнде жасалатын құлшылық-дұғалар туралы тілге тиек етіп, тілшілердің сұрақтарына жауап берді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі
19.05.2020
2796
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру