Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: 100 отбасыға ауызашар берілді

Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 19.05.2020 2726 0 пікір
Маңғыстау: 100 отбасыға ауызашар берілді

Маңғыстау облыстық орталық мешіті Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Ақтаудағы әлеуметтік жатаханада тұратын 100 отбасына ауызашар таратылды.

Қайырымдылық шарасына мешіт жамағаты атсалысып, қасиетті айда ниет етіп, ауыз бекіткендерге үйлеріне ыстық тағам жеткізілді.

«Мешіт жанындағы Әйел-қыздар секторының мүшелері Рамазан айының сауабынан құр қалмау мақсатында шараға белсене араласты. Алла разылығы үшін күні бойы нәр татпай, ыстық тағамдар мен тәттілерді шын ықыласпен өз қолымен дайындады. Өздері ораза  ұстап жүріп, мұқтаж отбасыларға мейірімділік танытып, қайырымдылыққа қатысқан жандарға алғыс айтамын, – дейді Маңғыстау облыстық орталық мешітінің Әйел-қыздар секторының жетекшісі Ақмарал Қазиева.

Айта кетейік, Әйел-қыздар секторы бұған дейін де мешіттің нәзік жандылар  қауымының мұрындық болуымен қайырымдылық жасалған болатын. Ақ жаулықтылар алдағы уақытта да тұрмысы төмен отбасыларға көмек қолын созады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру