Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 19.05.2020 2811 0 пікір
Ақтөбе: Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті

Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінің имамы Асылхан Темірханов бастаған шағын ұжым қасиетті Қадір түні қарсаңында Ақтөбе  қаласында тұратын Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне лайықты құрмет көрсетті.

Ауыл мешітінің қызметкерлері 99 жастағы Сатылған Бекмағамбетов, 96 жасқа келген Ғизат Тоқтабаев, 95-тегі Алмат Ермағамбетов сынды қарияларды мың айдан да қайырлы Қадір түнімен құттықтады.

Асылхан Нұртайұлы қарт майдангерлерге ең ізгі тілегін арнап, тарту-таралғы, сый-сияпат ұсынды. Қарт майдангерлердің иықтарына шапан жауып, естелік суретке түсті. Дін өкілдерінің ілтипатына дән риза болған қазыналы қариялар алғысын жаудырып, жас ұрпаққа ашық аспан мен жарқын өмір тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру