Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: 100 жастағы майдангерге құрмет көрсетті

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі 18.05.2020 2963 0 пікір
Қостанай: 100 жастағы майдангерге құрмет көрсетті

Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай Ұзынкөл ауданында майдангер жалғыз ардагер Әнуар Жүсіповке лайықты құрмет көрсетілді. Оған аудандағы азаматтар өздерінің лайықты үлестерін қосты.

Осындағы «Балықты» мешітінің жанында ауыл тұрғындары, кейінгі буын өкілдері көп жиналды. Аталмыш басқосуға арнайы келген Қостанай облысының бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет 100 жасқа келген Ұлы Отан соғысының ардагері Әнуар Жүсіповке ат мінгізді.

Бұл салтанаттаБахытбек қажы Нұрғабылұлы тебірене сөз сөйлеп, қанды майданда аталарымыз бен ағаларымыз Отан үшін от кешіп, ерліктің нағыз үлгісін көрсеткенін айтты. Қазіргі ұрпақ олардың алдында мәңгілік қарыздар екендігіне тоқталды.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған жиында ғасырға толған ақсақалға сыйлық ұсынып, иығына шапан жапқан азаматтар да оған ең ізгі тілектерін білдірді. Ал «Балықты» мешітінің алқа мүшесі Кенесары Мырзахметов өзінің жазған өлеңін көпшілік алдында оқып берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру